jitsu gif

Алматыда мектеп оқушылары дүйсенбіден бастап қалай оқиды

Оқушылар сабақ жазып отыр
Оқушылар. Көрнекі фото: Pexels.com

Алматыда келесі аптадан бастап мектеп оқушылары мен студенттер білім ошағына қайта оралады. NUR.KZ тілшісіне бұл туралы Алматы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 12-13 қаңтар күндері Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты мектеп оқушылары мен студенттер қашықтан оқуға ауыстырылған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда арнайы "Орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында қолайсыз ауа райы жағдайында сабақтарды тоқтату қағидалары" бар. Осылайша, қолайсыз ауа райы жағдайында сабақты тоқтату туралы хабарландыру туралы ақпаратты мемлекеттік білім беру органдары халыққа ұсынады:

  • теледидарда жүгіртпе жолдар арқылы;
  • радио арқылы;
  • әкімдіктердің, басқармалар мен білім бөлімдерінің веб-сайттары арқылы;
  • 169 телефоны бойынша (ақпарат ақылы).

Сабақтың тоқтатылғаны жайлы ақпарат

  • бірінші ауысым үшін: сағат 06:45 пен 08:00 аралығында;
  • екінші және үшінші ауысым үшін: сағат 11:15-тен 13:00-ге дейін хабарланады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.