jitsu gif branding logo appbranding logo app

Полицейлер 800-ге жуық автокөлікті Астанаға және Павлодар облысымен шекараға дейін алып жүрді (видео)

Трассада қалып қойған көліктерді полицейлер алып жүрді
Трассадағы көліктер. Видеодан кадр: Т.me/POLICE_of_KZ

Ауа райының қолайсыздығынан трассада қалып қойған 800-ге жуық автокөлікті полицейлер Астанаға және Павлодар облысымен шекараға дейін алып жүрді, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының ресми Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, қарлы боран салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 12 қаңтар күні Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық трассасын жабу туралы шешім қабылданған.

Полиция нарядтары және басқа да құзыретті органдар күшейтілген қауіпсіздік шараларын қабылдады: блок бекеттер қойылып, жақын маңдағы елді-мекендерде жылыту пункттері белгіленді, сондай-ақ қосымша экипаждар енгізілді.

Жолдың жабылуы мен қарлы бұрқасынға байланысты көліктердің шоғыры пайда болған.

Жұма, 13 қаңтар күні полиция департаментінің басшылығы патрульдік полиция ротасының экипаждарының көліктер тізбесін бір тізбекпен алып жүруін қамтамасыз ету туралы шешім қабылдайды.

"Күні бойы полиция экипаждары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық көлік құралын алып жүрді, тағы 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрді", — делінген хабарламада.

Полицейлер 800-ге жуық автокөлікті Астанаға және Павлодар облысымен шекараға дейін алып жүрді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.