jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның үш өңірінде қатты аяз күтілуде

Қарлы боран
Қарлы боран. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстанның бірқатар облыстарында 15 қаңтар күні дауылдық ескерту жарияланып, үш өңірде қатты аяз күтілуде. Ақпарат Қазгидрометтің ресми сайтында жарияланды.

Жексенбі күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігі және шығысында жел болып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавл қаласында 15 қаңтарда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болмақ.

Синоптиктер 15 қаңтарда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады деп болжап отыр. Облыстың батысы мен оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Жексенбі күні Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болып, жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

15 қаңтарда түнде Абай облысының батысы мен солтүстігінде, ал күндіз Абай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Өңірдің солтүстігі, батысы және облыс орталығында жел екпіні 15-20 м/с болса, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болуы мүмкін, Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Мамандар жексенбі күні Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаяу қарлы боран мен жел соғатынын болжайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазақстанның үш өңірінде қатты аяз күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.