jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы үш күнде Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Тау
Тау. Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында алдағы 3 күнде қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14-16 қаңтар аралығында өңірде қар көшкіні жүру қаупі бар.

"Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден "112" нөміріне қоңырау шалыңыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Алдағы үш күнде Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.