jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Цефтриаксон" препаратынан 18 адамның қайтыс болғаны рас па: ДСМ жауап берді

шприц ұстаған ер адам
Шприц ұстаған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматыда "Цефтриаксон" препаратын қолданған 18 адамның қайтыс болғаны, сондай-ақ антибиотиктің дәріханалардан жаппай алына бастағаны туралы ақпарат тарады. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Цефтриаксонның" жағымсыз әсері салдарынан көз жұмған пациент туралы карт-хабарламалар (сары карталар) тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне және Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментіне мұндай шағымдар түскен жоқ", – дейді ведомство өкілдері.

Басылымның жазуынша, "Цефтриаксон" – бұл сепсис, менингит, инфекциялардың түрлері, пневмония және басқа көптеген ауру кезінде тағайындалатын антибиотик.

Бұл препарат Қазақстанда лицензияланған және дәріханаларда сатылады.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда "омикрон ХВВ" нұсқасы анықталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

"Цефтриаксон" препаратынан 18 адамның қайтыс болғаны рас па: ДСМ жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.