jitsu gif branding logo appbranding logo app

Елімізде телерадиоарналар жұмысын уақытша тоқтатады

Теледидар пульті. Көрнекі сурет
Теледидар пульті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның барлық аумағында 18 қаңтар күні телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Қазтелерадио" ресми сайтында.

"Қазтелерадионың" мәліметінше, 18 қаңтар күні сағат 03:00-17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты еліміздің барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

"Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет.

Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар жүзеге асырылады", - дейді "Қазтелерадио" АҚ өкілдері.

Елімізде телерадиоарналар жұмысын уақытша тоқтатады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.