jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Шығыста қар жауып, жел күшейді: сейсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Қыстың күні Алматы көшесінде серуендеп жүрген жастар
Алматы көшесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 17 қаңтар, сейсенбіде Қазақстан мегаполистері мен ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің барлық дерлік аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек республиканың шығысында қар жауып, жел күшейіп, боран соғады. Елдің оңтүстігінде тұман болады.

Түнде солтүстікте, шығыста, Жетісу облысы мен Алматы облысының таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.

Ал ел мегаполистерінің бірі Алматы қаласында бүгін жауын-шашын жаумайды, десе де күн аздап бұлтты әрі өткен күндермен салыстырғанда біршама жылы болады деп күтілуде. Ауа температурасы -5…-7 градус аралығында. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада сейсенбіде көшпелі бұлтты, дегенмен жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Күндіз ауа температурасы -11…-13 градус аралығында. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Шымкентте де ауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы -2…-4 градус аралығында. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шығыста қар жауып, жел күшейді: сейсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.