jitsu gif

Таразда "Сергек" жүйесі іске қосылды

Сергек жүйесі
Сергек жүйесі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Таразда тестілеуден кейін 16 қаңтардан бастап "Сергек" жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық полиция департменті Facebook парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, енді 48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35 – желілік учаскеде және 13 – қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, жол белгілерiн сақтамау (тоқтау сызығын басу, қиылыстың алдында дұрыс орын ауыстырмау, тыйым салынған жерде тоқтау) сынды жол ережесін бұзу фактілерін тіркейді.

Құзырлы орган жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеу автоматтық режимде жүргізілетінін және полиция қызметкері тексергеннен кейін көлік жүргізушісіне жіберілетінін жеткізді.

Ал жол ережесін бұзу фактілерінің барлығы еліміздің Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркелетін болады.

Хаттаманы электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен erap-public.kgp.kz және egov.kz сайттарынан, сондай-ақ Kaspi.kz мобильдік қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінен жүктеп алуға болады.

Ведомство аппараттық-бағдарламалық кешендерде тіркелген жол ережесін бұзу фактілерімен келіспеген жағдайда Жамбыл облысының полиция департаментіне хабарласуға болатынын атап өтті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.