jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Желі қолданушылары TikTok-ты енді қазақ тілінде пайдалана алады

TikTok
TikTok қосымшасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақтілді желі қолданушылары енді TikTok желісін қазақ тілінде пайдалана алады, деп хабарлайды TikTok PR-командасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"TikTok командасы енді қосымша қазақ тілінде де қолжетімді екенін қуана хабарлайды. TikTok-тағы интерфейс тілін қазақшаға ауыстыру үшін қосымшаның Android және iOS-тағы соңғы нұсқасын көшіріп алса жеткілікті", - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін платформада қандай контентті орналастыруға болатынын не болмайтынын түсіндіретін TikTok қоғамдастығының ережелері қазақ тілінде де жарияланған еді.

Интерфейс тілін TikTok қосымшасында кез келген уақытта өзгертуге болады.

Тіл баптауларын өзгерту үшін:

1. Оң жақтағы төменгі бұрышта орналасқан "Профиль" белгісін басыңыз.

2. Оң жақтағы жоғарғы бұрышта орналасқан үш жолағы бар белгіні басып, баптауларды ашыңыз.

3. "Баптаулар және құпиялық" деген баптауды басыңыз.

4. "Қосымшаның тілі" баптауын басыңыз.

5. Тізімнен қазақ тілін немесе басқа тілді таңдаңыз.

Желі қолданушылары TikTok-ты енді қазақ тілінде пайдалана алады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.