Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында блок-бекеттер қойылды

Опубликовано:

жүк көлігі
Жолдағы көлік: Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты

Қызылорда облысында блок-бекеттер орнатылды. Бұл шара өңірден сұйытылған мұнай газды өзге өңірлерге тасымалдауды шектеу үшін жасалған. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы күндері өңірде газ таратушылар тарапынан сұйытылған мұнай газды өзге өңірлерге тасымалдау әрекетіне жол бергендігі анықталған. Осыған байланысты облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге жедел жиын өткізді. Өңір басшылығының басты мақсаты - облыс халқы үшін газ бен дизель қорында тапшылықты болдырмау.

Аймақ басшысы өңірге бекітілген лимит бойынша сұйытылған мұнай газы мен дизель отыны тек облыс халқының игілігіне жаратылуы қажет екенін алға тартып, сыртқа тасымалдауды шектеу үшін арнайы блок-бекеттер қойып, қадағалауды күшейтуді тапсырған.

Одан бөлек, газ бен дизель қорының жеткілікті болуын қадағалап, май құю бекеттерінде баға тұрақтылығын бақылауда ұстап, арзандату тетіктерін қайта қарау қажет екенін еске салды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі күннің суытуына байланысты аймақта көмір қорының жеткілікті болуын, қоймайларда қажетті мөлшерді толықтыру жұмыстарын іркіліссіз жүргізуді міндеттеген.

Аймақ басшысының тапсырмасынан кейін полиция департаменті Түркістан, Арал, Жезқазған бағыттарына блок-бекет орнатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2005656-qyzylorda-oblysynda-blok-beketter-qoiyldy/

pixel