jitsu gif branding logo appbranding logo app

Атырау облысындағы ауыл тұрғындары емделу үшін басқа елге барады

Азғыр ауылы
Атырау облысы Азғыр ауылы. Фото: Ақ Жайық басылымы

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр өңірінің тұрғындары жедел медициналық көмек алу үшін көрші елге баруға мәжбүр. Себебі, бұл өңір облыс орталығынан 600, ауданнан 200 шақырымдай қашықта жатыр, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Басылымның хабарлауынша, азғырлықтар үшін жедел медициналық көмек алу қиынға соққан.

"Бізге Ресейдің Харабайлы ауруханасына барған жеңіл. Бар болғаны 60 шақырым қашықтықта. Шетел болғандықтан олар бізді қабылдай бермейді. Сол себептен екі республика бір келісімге келу жөнінде талай рет мәселе көтердік", — дейді азғырлықтар.

Жақында жергілікті билік осы мәселенің шешімін тапқан.

"Харабайлы қаласында Атырау және Астрахан облыстарының денсаулық сақтау басқармалары арасында азғырлықтарды емдеу үшін "жасыл дәліз" туралы келісімшарт жасалды. Бірақ тегін емдеу тек шұғыл жағдайдағыларға жасалған. Мысалы, шұғыл хирургиялық ота жасау немесе апатқа ұшырап, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, — дейді Құрманғазы аудандық ауруханасының бас дәрігері Асулан Абдрахманов.

Жақында харабайлылық дәрігерлер Азғыр өңірінде тұратын соқырішек болған қыз балаға тегін ота жасаған.

Басылымның хабарлауынша, көршілес Ресей аймағында тек шұғыл жағдайда ғана емес, азғырлықтардың тегін емделуіне бюджеттен қаражат бөлу мәселесі де қарастырылып жатыр.

Атырау облысындағы ауыл тұрғындары емделу үшін басқа елге барады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.