jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қытай қазақстандықтарға 113 білім грантын бөлді

Студенттер
Жоғары оқу орнының студенттері. Көрнекі фото: Рexels.com

Қытай үкіметаралық келісімдер аясында қазақстандықтар үшін бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 113 білім грантын бөлді, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" ресми сайтында.

Орталықтың мәліметінше, грантқа өтінімдер 2023 жылғы 19 қаңтардан 3 ақпанға дейін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе Халықаралық бағдарламалар орталығында қабылданады.

Сондай-ақ конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында 1 ақпанға дейін онлайн тіркелу қажет.

"Тіркелген кезде үміткер оқу бағдарламасын, жоғары оқу орнын және мамандықты таңдайды. Қазақстандықтарға ҚХР-дың 250-ден астам жетекші жоғары оқу орны ұсынылады. Оқу қытай немесе ағылшын тілдерінде өтеді.

Қазақстан азаматтары үшін үкіметаралық гранттар аясында Еуропа мен Азияның 10 мемлекетінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлінеді. Бірқатар ел тілді білмейтін үміткерлер үшін тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін қарастырған", – дейді Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Оның сөзінше, грант академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.

Қытай қазақстандықтарға 113 білім грантын бөлді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.