Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда миллиондаған қаржыға салынған жаңа емхананың қабырғалары жарылып кеткен

Опубликовано:

Емхананың жарылған қабырғасы. Кадр бейнежазбадан алынды
Емхананың жарылған қабырғасы. Кадр бейнежазбадан алынды: "Астана" телеарнасы

Алматыда бес жыл бұрын 775 миллион теңгеге салынған жаңа емхананың қабырғалары жарылып, төбесі құлағалы тұр. Қазіргі таңда аталған мәселені "AMANAT" партиясының мүшелері бақылауға алған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, емхана 2017 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде ғимараттың шөгіп, қабырғалар жарылғанын көруге болады.

Дәрігерлердің телеарна тілшісіне айуынша, олар жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұрап, бірнеше рет әкімдікке хат жазған, алайда нәтиже болмаған.

"Қорқыныш бар. Қанша сантиметр төмендегенін өздеріңіз көрдіңіздер. Емделушілер де сыртынан көріп, кіруге де қорқады. Әр қызметкер осы подвалға кіріп, киініп-шешінеді. Дәрі-дәрмек тұр", - дейді Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары.

Телеарна ұсынған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда емханада 200 маман қызмет етеді. Олар тәулігіне 400-ге жуық науқасты қабылдайды. Ақ халаттылар азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрғанын жеткізген.

Бұдан бөлек аурухана қызметкерлері өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізгені белгілі болды. Оған 4 жарым жыл ішінде миллион теңге жұмсалған көрінеді.

"ТЖД-ге де хабарластық. Сейсмология институтына да хабарластық. Қағаздарына қарасақ, еш қауіп жоқ, пайдалана беруге болады дейді. Бірақ жыл сайын көріп отырмыз, ғимарат отырып жатыр. 5 жылдың ішінде 10 шақты см-ге отырған шығар", - дейді Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Манас Рамазанов.

Сондай-ақ қазіргі таңда "AMANAT" партиясының мүшелері бұл жағдайды бақылауға алғаны белгілі болды.

"Емхана, ауруханалар, мектептер кем дегенде 10-15 жыл жөндеусіз тұруы керек. 4 жылдың ішінде қайтадан жөндеу керек болып тұр. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Партия тарапынан осы мәселені көтеріп, аяғына дейін жеткіземіз", - дейді Алматы қалалық мәслихатының экс-депутаты, "AMANAT" партиясының мүше Ерболат Қасымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006084-almatyda-milliondagan-qarzyga-salyngan-zana-emxananyn-qabyrgalary-zarylyp-ketken/

pixel