Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзартылды
Жарияланған күні:
Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Ол енді 2023 жылдың 21 наурызына дейін қамауда болады, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2023 жылғы 20 қаңтарда сот қаулысымен Қ.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде сотқа дейінгі органның оны қамауда ұстау мерзімін екі айға, яғни 2023 жылғы 21 наурызына дейін ұзарту туралы арызы қанағаттандырылды және санкцияланды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген былтыр сәуір айында ұсталған болатын.
Ол қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген.
Экс-депутат өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Сондай-ақ ол Amanat партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылған болатын.
Қазан айының соңында Бас прокуратура Қайрат Құдайберген мен Дикий Арманның рақымшылыққа ілінбейтінін хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006119-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-tagy-eki-aiga-uzartyldy/