Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деп күдіктелуде
Жарияланған күні:
Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми парақшасында.
Ведомствоның мәліметінше, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміздің Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
"Қорғаныс ведомствосының ақпараттандыру департаменті бастығының м.у.а. бейнеконференцбайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 000 АҚШ доллары сомасында пара алды деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.
Агенттіктің хабарлауынша, күдікті ұсталып, Астана қаласының тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.
"Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - деп қосты Антикор өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006339-qorganys-ministrligi-departamentinin-bassysy-20-myn-aqs-dollary-somasynda-para-aldy-dep-kudiktelude/