Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бұрын McDonald's атауымен жұмыс істеген мейрамханалар қайта ашылды (фото)

Опубликовано:

Алматыда қайта ашылған бұрынғы McDonald's мейрамханасы
Алматыда қайта ашылған бұрынғы McDonald's мейрамханасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бұрын McDonald's атауымен жұмыс істеген мейрамханалар қайта ашылды. Әзірге мейрамханалардың атауы жоқ. Оның орнына "Біз ашықпыз" деген жазуды ғана байқауға болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мекеменің жаңа атауы әлі белгісіз. Алайда, компания өкілдері жақын арада атауын жариялайтынын жеткізді.

Мейрамханада McDonald's стилі, яғни тапсырыс беру үстелдері, кассалар және өзіне-өзі қызмет көрсету тақталары сақталған.

Алматыда қайта ашылған бұрынғы McDonald's мейрамханасы
Алматыда қайта ашылған бұрынғы McDonald's мейрамханасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызметкерлердің бұрынғы формасы да сақталған, бірақ McDonald's брендінің логотипі алып тасталған. Мәзір де сол күйінде қалған.

Қызметкерлердің формасы
Қызметкерлердің формасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мейрамханалар Алматыда бес мекенжай бойынша ашылған. Компания өкілдері NUR.KZ тілшісіне барлығы 13 нүкте ашылатынын хабарлады. Қазір мейрамханалар мына мекенжайлар бойынша жұмыс істеуде:

  • Төле би көшесі, 41, (Қонаев көшесінің қиылысы);
  • Mega Alma-Ata, Розыбақиев көшесі, 247а;
  • Мұстафин көшесі, 5а;
  • Бұқар Жырау даңғылы (Минин көшесінің қиылысы, 14/1);
  • Шевченко көшесі 85А (Сейфуллин даңғылының қиылысы).
тапсырыс
Тапсырыс. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сонымен қатар Food Solutions KZ компаниясы дайындық жұмыстары жүргізілгенін, мейрамханалар барлық қажетті өнім көлемін алғанын және ресми ашылуға дайын екенін атап өтті.

Сондай-ақ компания McDonald's мейрамханалары жабылар тұста жұмыс істеген барлық қызметкердің жұмыс орны, жалақысы толық сақталатынын, мейрамханалар сапа мен қызмет көрсетудің барлық жоғары стандарттарын, сондай-ақ бизнесті жүргізудің құндылықтары мен принциптерін сақтай отырып жұмысын жалғастыратынын мәлім етті.

Алматыда қайта ашылған бұрынғы McDonald's мейрамханасы
Алматыда қайта ашылған бұрынғы McDonald's мейрамханасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Бұл біздің компанияның өміріндегі жаңа кезең. Біз әр қалада мейрамханалармыздың есігін біртіндеп ашамыз. Біз қоғамдық тамақтандыру индустриясындағы көшбасшылық позициямызды сақтауға ниеттіміз. Бізді қолдап отырған қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік құрылымдарға шын жүректен алғысымызды айтамыз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, бірақ жақын арада жаңа атауын жариялаймыз", – дейді Food Solutions KZ ЖШС бас директоры Әсет Машанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006357-almatyda-buryn-mcdonalds-fransizasyna-tiesili-bolgan-meiramxanalar-qaita-asyldy-foto/

pixel