Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Владислав Челахтың шағымын қарап жатыр

Опубликовано:

Владислав Челах
Владислав Челах. (Ортада тұр). Мұрағаттық фото: Asker.kz

Бас прокуратура өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың шағымын қарауда. Оның ісі соттан қайта талап етілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, бұған дейін 2012 жылғы 28 мамырда "Арқанкерген" бекетіндегі 15 адамның өліміне кінәлі деп танылып, өз жазасын Жітіқарадағы "Қара бүркіт" колониясында өтеп жатқан Владислав Челах шағымданған болатын. Қазіргі таңда оның шағымын Бас прокуратура қызметкерлері қарап жатыр.

"Челахтың шағымы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарауында жатыр. Соттан қылмыстық іс қайта талап етілді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ведомство қарау нәтижесінде, оқиғаға баға берілетінін мәлім етті.

Еске салсақ, 2012 жылғы 28 мамырда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы "Арқанкерген" бекетінде 14 шекарашы мен қорықшының денесі табылған болатын.

Бекетте жалғыз тірі қалған сарбаз Владислав Челах қамауға алынған. Бастапқыда ол қорықшы мен шекарашылардың өліміне кінәлі екенін мойындаса, кейін берген куәлігінен бас тартып, өзіне қысым жасалғанын мәлімдеген.

Нәтижесінде тергеу 19 жастағы жігіт 15 адамды өлтіріп, казарма мен денелерді өртеп жіберді деген қорытындыға келді.

Қазіргі таңда Челах өзінің жазасын Жітіқарадағы "Қара бүркіт" колониясында өтеуде.

2015 жылы Челах ісін БҰҰ, кейін БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті қарастырды. Челах аталған ұйымға өзіне қатысты іс әділ қарастырылмағанын айтып, шағымданған.

2019 жылы Челах өз ісін Жоғарғы соттың кассациялық сатысында қарау туралы өтініш берді. Ол үкімнің күшін жою үшін және өзінің құқығы бұзылғаны үшін 30 млн теңге талап еткен. Десе де сот Челах айтқан заң бұзушылықтардың болмады, сонымен қатар сот заңды бұзбады деп шешім шығарған.

2022 жылғы желтоқсан айының соңында Владислав Челах президентке жүгініп, шын мәнінде "Арқанкерген" бекетінде не болғанын айтуға дайын екені жөнінде ақпарат пайда болды. Содан кейін Бас прокуратура Челахтың үндеуі ведомствоға түскенін растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006475-bas-prokuratura-vladislav-celaxtyn-sagymyn-qarauda/

pixel