Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде қар полигонына ондаған тонна шіріген көкөніс төгілген (видео)

Опубликовано:

Бүлінген көкөністер. Фото
Бүлінген көкөністер. Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде "КамАЗ" жүргізушісі 40 тоннадан астам шіріген көкөністі қар полигонына лақтырған. Қала тұрғындары аталған жайтты бейнежазбаға түсіріп алған. Мұндай қадамға барған көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна ұсынған мәліметке сәйкес, тасталған көкөністер - жылыжай қалдықтары көрінеді.

"Компаниялардың бірі, біздің азық-түлік секторының субъектісі өз қалдықтарын осында тастайды. Пакеттерде үсіген қызанақтар мен көкөністердің тамырлары мен жапырақтарының қалдықтары, қалғандырының барлығы тас аралас қаты тұрмыстық қалдықтар", - делінген бейнежазбада.

Аталған бейнежазба қала тұрғындарының ашуына тиген. Олар көктемде қар еріген кезде шіріген қызанақ пен басқа да қоқыс қалдықтары Ақтөбе өзендеріне құйылатынын айтады.

Белгілі болғандай, қоқысты лақтырған "КамАЗ" жүргізушісі қызанақ өсіретін компаниялардың бірімен келісімшарт жасасқан.

Алайда ер адам 40 тонна қоқысты қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқысқа тастаудың орнына қар полигонына лақтыра салған.

Қазіргі таңда заң бұзушы анықталып, лақтырған қоқыс қалдығын жинап үлгерген. Сондай-ақ ол 100 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелген.

"Полигонға төлем төлемес үшін жүргізуші қоқысты қар полигонына лақтыруды жөн көрген. Кезекші мамандармен аталған фактінің алдын алдық. Олар оны тіркеп, 102-ні шақырған. Қазіргі таңда әкімшілік іс-шаралар қолданылып жатыр", - дейді Ақтөбе әкімдігіні ТКШ бөлімінің бас маманы Ернар Қалауов.

Дереккөз: КТК телеарнасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006484-aqtobede-qar-poligonynda-ondagan-tonna-sirigen-kokonis-laqtyrylgan-video/

pixel