jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жеңілдетілген автонесие беру қашан қайта басталады: Марат Қарабаев жауап берді

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаңтар айының соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл туралы үкімет кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Министрдің сөзінше, бағдарламаның механизмі қайта қаралуы мүмкін.

"Өткен жылы наурызда автонесие сомасы 10 миллион теңгеге дейін деп белгіленді. Ал автокөлік құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа қолжетімді болу үшін бағдарламада қымбат көліктер қарастырылмаған.

Автонесие бағдарламасын айдың соңына дейін бастаймыз. Осы аптада өнеркәсіпті дамыту қоры баспасөз мәслихатын өткізеді, сонда толық ақпарат беріледі.

Бұл жерде бағдарламаның механизмін қайта қарау мәселесі тұр. Бұған дейін клиенттер алдымен автосалонға жүгініп, содан соң банкке баратын. Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа тетікті ұсынып отыр", - дейді БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Марат Қарабаев.

Ведомство басшысының айтуынша, қайта іске қосылатын бағдарламадағы жаңашылдықтың бірі электронды кезек болмақ.

Жеңілдетілген автонесие беру қашан қайта басталады: Марат Қарабаев жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.