jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ерекше автокөлік Павлодар тұрғындарының назарын аударды (фото)

Павлодардағы ерекше автокөлік
Павлодардағы ерекше автокөлік. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Ерекше автокөлік Павлодар тұрғындарының ғана емес, полиция қызметкерлерінің де назарын аударды, деп хабарлайды Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасы.

Полицияның мәліметінше, Instagram-дағы парақшалардың бірінде Павлодар көшесінде кетіп бара жатқан ерекше көліктің видеосы жарияланған.

Бейнежазбада "Павлодар. Көлікке назар аудармай қалған жан жоқ, бәрі сигнал беруде" деп жазылған.

Аталған видео Павлодар облысының полиция департаментінің де назарын аударған.

"Осы бейнежазба бойынша біз тексеру жүргіздік. Тексеріс барысында 27 жастағы азаматқа тиесілі Бронто-1922 автокөлігі екендігі анықталды.

Мұндай ерекше дөңгелектері бар автокөліктің өзі Ресей Федерациясында шығарылған және қиын, батпақты жерлерде жүруге арналған", — дейді Павлодар облысы ПД процессинг орталығының бастығы Бауыржан Мақашев.

Ерекше автокөлік Павлодар тұрғындарының назарын аударды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.