Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше дауысының арқасында әп-сәтте желіде танымал болған алматылық бала жайлы не білеміз

Опубликовано:

Айбар Әбдіәмит
Айбар Әбдіәмит. Видеодан кадр: "Хабар24"

Алматылық 4-ші сынып оқушысы Айбар Әбдіәмит қалада өткен іс-шаралардың бірінде "Ұстазым" әнін орындап, бір күннің ішінде танымал болып шыға келді. Оның осы әнді орындаған сәтінен видеоны әлеуметтік желіде 3 миллиондай адам қараған, деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

10 жастағы Айбар желіде тараған видео арқылы танымал боламын деп ойламаған. Десе, де оқушының белгілі әнді кәсіби мақаммен орындауы көпшілікті бейжай қалдырмаған.

Кейбірі оны Димаш Құдайбергеннің ізбасары деп те атауда. Дегенмен, Айбар математика пәнін ерекше жақсы көретінін айтады.

"Болашақта ән айтатын футболист немесе футбол ойнайтын әнші боламын", - дейді ол.

Айбар отбасындағы төрт баланың екіншісі. Айбардың әкесі де ән салғанды ұнататын болып шықты.

Бірақ бала арманын артқа тастап, басқа саланың тізгінін ұстаған ер адам өмірлік жолын таңдауды баласының өзіне қалдыратынын айтады.

"Ұлдарымның, қыздарымның Асқар ағасы сияқты математик, Қаныш атасы сияқты геолог болғанын қалаймын. Себебі, білімді, ғылымды дамытатын қазақ үшін өте қажет мамандықтар. Ықыласы, ынтасы соған бұйырып жатса, біз оның жолын байламаймыз деп ойлаймын", — дейді Айбардың әкесі Нұрлан Әбдіәмитұлы.

Ал Айбардың танымал болуына себепкер болған әнші Самат Жанғазин оның болашағынан зор үміт күтетінін жеткізді.

"Бұлақ көрсең көзін аш" дейді ғой қазақ. Талантты талант деп айту керек. Дауысы зор. "Ұстазым" әнін айтқан кезде даусы жоғарыға қарай кетіп жатыр. Димаштың жолын берсін деймін", - дейді әнші Самат Жанғазин.

Қазір Айбар мектепте актерлік шеберлік үйірмесіне қатысады. Самат Жанғазин онымен бірге дуэт жазуды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006620-erekse-dauysynyn-arqasynda-ap-satte-zelide-tanymal-bolgan-almatylyq-bala-zaily-ne-bilemiz/

pixel