Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жарым жыл бұрын Оңтүстік Кореяда жоғалып кеткен отандасымыз әлі табылмай жатыр

Опубликовано:

Альбина Кабдулдина
Альбина Кабдулдина. Скриншот: "Астана" телеарнасы

Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен Альбина Кабдулдина әлі іздестіріліп жатыр. Сыртқы істер министрлігі бір жарым жыл бұрын жоғалған отандасымызға қатысты осылай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Еске сала кетсек, 35 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тумасы соңғы рет 2021 жылдың маусым айында анасымен байланысқа шыққан. Содан бері хат-хабар жоқ.

"Туған-туыстары өтініш білдірген болатын, іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Кореялық тарапқа біздің бұл алаңдаушылық жеткізілді, консулдың ерекше бақылауында. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін таба алмай жатырмыз. Бар үміт Корея тарапының полициясында", - деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.

Шарасыз күйде жүрген Альбинаның анасы: "үмітім сөнуге таяу қалды", - дейді. Себебі Корея елшілігі де арадағы байланысты тоқтатқан.

"Мен соңғы екі айдан бері Оңтүстік Кореяның елшілігі мен консулына "менің қызыма қатысты деректер бар ма, жоқ па?", - деп хабарласып, жазып жүретінмін. Ал олар маған жауап бермейді, тіпті, елемейтін болды. Осыған дейін бір жыл бойы "іздеп жатырмыз" деп айтуды да қойды. Мен жаңа жылға дейін де, кейін де жаздым, бірақ бірде-бір реакция жоқ", - дейді Альбинаның анасы Айгүл Болсаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006631-elsilik-bailanysty-toqtatty-ontustik-koreyada-zogalyp-ketken-otandasymyz-ali-tabylmai-zatyr/

pixel