Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді
Жарияланған күні:
Бүгін, 27 қаңтар сағат 06:11-де Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді. МSК-64 шкаласы бойынша сезілуі 2-3 балл, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ оңтүстік астананың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
ТЖД-ның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 191 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.9.
- MPV магнитудасы – 5.2
- Эпицентрінің бағыты – 41.52° с.е. 77.37° ш.б.
- Тереңдігі – 10 шақырым.
- МSК-64 шкаласы бойынша Алматы қаласында сезілуі 2-3 балл.
ТЖД барлық құзырлы органдар хабардар екенін, "112", "101" желілеріне тұрғындардан ешқандай хабарлама келіп түспегенін атап өтті.
Сондай-ақ департамент "Қазселденқорғау" мәліметіне сүйеніп, гидротехникалық құрылыстарда деформация, шөгу, жарықтардың пайда болғаны туралы фактілер тіркелмегенін жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2006969-almatyda-tagy-da-zer-silkindi/