jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Биыл ертерек ұшып келді": Маңғыстау облысына қоқиқаздар оралды (видео)

Көл бетіндегі қоқиқаздар. Көрнекі сурет
Көл бетіндегі қоқиқаздар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Маңғыстау облысындағы Қаракөл көліне мыңдаған қоқиқаз оралды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қаракөл көліне оралған қоқиқаздардың видеосын ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің Instagram парақшасында жариялады.

"Маңғыстау облысы, Қаракөл көлі. Қоқиқаздар жылы аймақтардан қаңтарда қайтып келіп жатыр... Биыл ертерек ұшып келді", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары құстардың сұлулығына сүйсініп, блогерге алғыс айтқан.

"Қандай әдемі, көрініс. Осы бейнежазбаны түсірген сізге мың алғыс", "Өте әдемі сәт, қандай сұлу құстар", "Cөзсіз ғажап көрініс", "Құстар не себепті ерте қайтып келген екен?", "Ерте қайтып келсе, қатты аязды күндер болмайтын шығар", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында қатты аяздан Каспий теңізінің жағалауын қалың мұз басқанын хабарлаған едік.

"Биыл ертерек ұшып келді": Маңғыстау облысына қоқиқаздар оралды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.