jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елдің оңтүстігінде ауа райы 10 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы айтарлықтай өзгермейді.

Еліміздің батысына, оңтүстігіне және оңтүстік-шығысына жоғары қысым аумағы әсер етеді. Осыған байланысты аталған өңірлерде күн райы жауын-шашынсыз әрі ашық болады деп күтілуде.

Ал өзге аймақтар әлі де атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Нәтижесінде қар жауып, бұрқасын болады, сондай-ақ жел күшейеді деп болжануда.

Республика бойынша ауа температурасы күрт өзгермейді деп күтілуде, дегенмен оңтүстікте күндіз күн райы -5...-3 градустан 5-10 градусқа дейін жылынуы мүмкін.

Елдің оңтүстік-шығысында сынап бағаналары -8...-3 градустан 0-5 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал.

Алдағы күндері елдің оңтүстігінде ауа райы 10 градусқа дейін жылынуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.