jitsu gif

Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанға қайтадан ұша бастайды

Аэрофлот ұшағы
Аэрофлот ұшағы. Көрнекі фото: Рixabay.com

"Аэрофлот" әуекомпаниясы еліміздің бірнеше қаласына тұрақты әуе рейстерін қайта іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 ақпаннан бастап Аэрофлоттың Airbus A320 ұшақтары Астана, Алматы және Атырауға қатынауды қайта бастайды. Билеттер ашық сатылымға шықты.

"Аталған авиакомпания елордаға күнделікті екі рейс, Алматыға үш рейс және Атырауға басында екі рейс, наурыздан бастап тағы бір рейс қосуды жоспарлап отыр", – делінген хабарламада.

Ақпанға дейін Мәскеуден Қазақстан қалаларына әуе қатынасын "Россия" (Аэрофлот тобы) компаниясы жүзеге асырады.

Әуе рейстері кестесімен Аэрофлот компаниясының сайтында танысуға болады.

Билеттерді брондау және сатып алу ресми сайт, мобильді қосымша, ақпарат және брондау орталығының тәулік бойы телефондар арқылы: +7-495-223-5555 (Мәскеу), 8-800-444-5555 (Ресейге қоңырау шалу тегін), *555 (ұялы телефондар үшін) қызмет алу мүмкіндігі бар.

Аэрофлот – Ресейдегі ең ірі әуекомпания. Оның құрамына "Россия" және "Победа" компаниялары кіреді.

Ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясы Қазақстанға қайтадан ұша бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.