jitsu gif branding logo appbranding logo app

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Қар
Қыс. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер бүгін, 28 қаңтар еліміздің ірі қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бүгін Астанада синоптиктер қар жауады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы -9...-11 градус, ал түнде -15...-17 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар елордада желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетуі мүмкін.

Мамандардың дерегінше, 28 қаңтарда Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Мегаполисте күндіз +1…-1 градус болса, түнде термометр бағанасы -8...-10 градусқа дейін барады.

Синоптиктер Шымкентте күндіз ауа температурасы +3...+5 градусқа дейін көтеріледі деген болжам жасады. Түнде -8…-10 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Бұдан бөлек ауа райын болжаушылар еліміздің үшінші мегаполисінде сенбіде жауын-шашын болмайтынын жеткізді.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.