jitsu gif branding logo appbranding logo app

Жексенбі күні Алматы мен Шымкентте күн жылынады

Ауа райы
Ауа райы. Көрнекі фото: pixabay.com

Жексенбі яғни 29 қаңтарда Қазақстанның ірі қалаларында ауа температурасы жылынады. Синоптиктердің айтуынша, Алматы мен Шымкентте нөлден жоғары температура күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжауынша, бүгін Алматыда жауын-шашын болмайды. Алайда күн бұлтты болуы ықтимал. Қалада күндіз 0-ден +2 градусқа дейін жылы ауа райы күтілуде.

Астанада жексенбі күні синоптиктер жаңбыр жаумайды деп болжап отыр. Бірақ күн бұлтты болуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы -9...-11 градус, ал желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

29 қаңтар күні Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Болжам бойынша, термометрлер күндіз +3...+5 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.