jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Сәрсенбек Монтаев
Сәрсенбек Монтаев. Фото: Gov.kz

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев "Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2 пайызы" (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты.

Әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сүйене отырып құрастырған. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: яғни ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынған.

Министрліктің хабарлауынша, Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-де жұмыс істеуде. Ал қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады.

Ғалым құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы болып табылады.

Профессор "Болашақ" бағдарламасы аясында Жапонияда "Нанотехнология" мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.