Top.Mail.Ru

Зектілері

"Қазпошта" "сәлемделерді лақтырады" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді (видео)

Жарияланған күні:

"Қазпошта" көлігі және баспалдақтан түсіп бара жатқан мөшек
"Қазпошта" көлігі. Видеодан скрин: Т.me/egovpress

Желіде "Қазпошта" АҚ логотипі бар жүк көлігіне ғимараттан қаптарды лақтырып жатқан видео пайда болды. Бейнежазба авторы сәлемдемелерді осылай тиеуде деген болжам жасаған. Алайда компанияның PR қызметі оның сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео EGOV.PRESS Telegram-арнасында жарияланды.

Бейнежазбаның Алматы облысының Іле ауданында түсірілгені айтылған. Кадрлардан әлдебір ғимараттың жанында тұрған "Қазпошта" АҚ логотипі бар жүк көлігін көруге болады. Бір мезетте лақтырылған қап баспалдақпен домалап барып, жерге түседі. Кейінірек оператор осыған ұқсас тағы бірнеше "сәлемденің" домалап бара жатқанын түсірген.

"Пошта осылай жөнелтіледі. Олар қаппен лақтырады", – дейді видеоның авторы.

"Қазпошта" АҚ PR қызметі бұл видеоға қатысты пікір білдірді. Компания өкілдері видео авторының болжамы шындыққа жанаспайтынын баса айтты.

"Telegram арнасында жарияланған видеоға байланысты видео авторының болжамы шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Жөнелтілген қара полиэтилен пакеттерде хаттар немесе сәлемдемелер болмаған. Барлық пошта жөнелтілімдері көліктерге тиісті талаптарға сай тиеледі", – деп жауап берді компания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007275-qazposta-salemdelerdi-laqtyrady-degen-aqparatqa-qatysty-pikir-bildirdi-video/