jitsu gif

Ел мегаполистерінің бірінде бүгін күн жылы әрі жаңбырлы болады

қолшатыр ұстаған тұрғын
Қолшатыр ұстаған тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 31 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Олардың болжамынша, қаңтардың соңғы күні Алматы мен Шымкентте күн жылы болса, Астанада аяз күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматы қаласында күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +2...+4 градус жылы, түнде -5...-7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада да бүгін күн жауын-шашынсыз. Термометр көрсеткіштері күндіз -11...-13 градус аязды көрсетсе, түнде -25...-27 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Елордада желдің жылдамдығы 1-6 м/с-ке дейін жетпек.

Ал Шымкентте күн жаңбырлы болады деп күтілуде. Десе де, күндіз +7...+9 градус жылы болмақ, түнде 0...-2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен бірге синоптиктер қала тұрғындарына 5-10 м/с-қа дейін жел күшеюі мүмкін екенін ескертеді.

Ел мегаполистерінің бірінде бүгін күн жылы әрі жаңбырлы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.