Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар арасында ең танымал мобильді қосымшалар белгілі болды

Опубликовано:

Ұялы телефон
Ұялы телефон. Көрнекі фото: Рexels.com

Қазақстандықтар арасында қандай мобильді қосымшалар танымал екендігі анықталды, деп хабарлайды Ranking.kz сайты.

Технологиялық даму және цифрлық қызметтердің етек жайған кезінде смартфонсыз немесе басқа гаджетсіз өмірді елестету қиын. Цифрландыру халық өмірінің барлық саласына еніп кетті.

Қазақстандықтар арасында "коммуникация" санатындағы мобильді қосымшалар ерекше сұранысқа ие. Сарапшылар осы санаттағы үздік бестіктің екеуі қазақстандық ұялы байланыс операторларының қосымшасына тиесілі екенін анықтады.

2023 жылдың 27 қаңтарындағы жағдай бойынша қазақстандықтар үшін "Коммуникация" санатындағы ең танымал қосымша — Telegram.

Екінші орында Beeline ұялы байланыс операторының қосымшасы — "Менің Beeline-ым (Қазақстан)". Google Play-ден қосымша 10 млн-нан астам рет жүктелген. Соңғы бірнеше жылда бұл көрсеткіш бірнеше есе артқан.

Үшінші орында — кәсіпкерлерге арналған WhatsApp Business мобильді қосымшасы. Ол бүкіл әлем бойынша 500 млн-нан астам рет жүктеліп алынған.

Ең танымал бес қосымшаның ішінде Tele2 Қазақстан мен WhatsApp Messenger де бар.

Snapchat, IZI, Mail.ru — Email App, Activ және Altel.kz үздік ондыққа енді.

"Жылдан жылға елімізде интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны артып келеді. Мәселен, 2022 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша көрсеткіш бір жылда 3,1 пайызға өсіп, 17,4 млн абонентті құрады.

Соңғы бес жылда интернетке қосылған абоненттер саны 25,6 пайызға өсті. Сонымен қатар интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы осы кезеңде 100 адамға шаққанда 77 бірліктен 89 бірлікке дейін өсті", — дейді сарапшылар.

Мамандар халықтың цифрлық сауаты өсіп келе жатқанын, ол өз кезегінде экономиканың түрлі салаларында цифрлық қызметтерді енгізудің өзектілігін арттыратынын айтқан. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық сауаттылық деңгейі 87,3 пайызды көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007444-qazaqstandyqtar-arasynda-en-tanymal-mobildi-qosymsalar-belgili-boldy/

pixel