jitsu gif branding logo appbranding logo app

Әлі күнге дейін шаңғы тебетін 88 жастағы қарағандылық қария ұзақ жасаудың сырын ашты (видео)

Әлімжан Телғарин
Әлімжан Телғарин. Видеодан кадр: "Хабар 24" телеарнасы/24.kz

Аптасына 3 мәрте шаңғы тебетін 88 жастағы қарағандылық қария Әлімжан Телғарин ғұмырлы болудың негізгі құпиясы – салауатты өмір салтын ұстануда екендігін айтты, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Әлімжан Телғарин шаңғы мен коньки теуіп қана қоймайды, волейбол мен футбол ойнайды. Сондай-ақ ол негізгі ісі ғылыми педагогиканы зерттеумен айналысады.

88 жастағы ақсақал шаңғыдан университет ішілік дәстүрлі жарыстың ең егде тартқан қатысушысы екен.

Осыған қарамастан ол аптасына 3 мәрте шаңғы теуіп, сағатына 5 шақырым қашықтықты оңай еңсереді. Ал ректор кубогы үшін болған жарыста ақсақал үздіктер қатарынан көрінген.

"Әлімжан ағамыз мен қызмет еткен 30 жылда бірде бір рет жарыстан қалған емес. Өз жасы арасында үнемі бірінші орын алады. Осы жастағы ақсақалдар шаңғы теппек түгілі есік алдына шығудан қорқады. Ал біздің ардақ тұтатын ағамыз аяғында шаңғы, қашан да ел алдында жүреді", – дейді Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Айтбай Жұмағұлов.

Сонымен қатар Әлімжан ақсақал жүздеген ғылыми жұмыстың да авторы.

"Менің негізгі мамандығым – Чехославакия тарихы. Ол елде мен 1 жыл ғылыми тағлымдамадан өттім. Сол кезде 1965-66-шы жылдары аталған мемлекеттің спортакиадасына қатыстым. Содан бері шаңғы тебу, шахмат, волейбол ойнау менің сүйікті ісіме айналды. Осы аталған спорттың түрлерінен көрсеткен нәтижелерім қашанда жоғары болды", – дейді профессор.

Ол шахматтан ел бойынша бірнеше дүркін чемпион атанған. Интеллектуалды ойында ондаған стратегияны еркін пайдаланады. Сондықтан қарсылас шақ келтірмейді екен.

Әлі күнге дейін шаңғы тебетін 88 жастағы қарағандылық қария ұзақ жасаудың сырын ашты (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.