jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

42 мектепке білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін айыппұл салынды

Мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: Рexels.com

Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және оның аумақтық департаменттері білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізу барысында бірқатар құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды министрліктің ресми Telegram-арнасы.

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай, сот лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін 2 мектепке қатысты айыппұл тағайындау туралы қаулы шығарған.

Заңнамаға сәйкес, барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы керек. Мектепке білім берумен айналысу құқығы лицензия алған сәттен бастап қана беріледі. Лицензияның жоқтығы мектептің жарамдылық тексеруінен өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді.

"Лицензиясыз мектептер білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды, яғни негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды бере алмайды. Лицензиясыз жұмыс істейтін мектептерге қатысты министрліктің аумақтық департаменттері әкімшілік іс қозғады.

Бүгінгі таңда сот шешімімен 42 мектепке лицензиясыз білім беру қызметін жүргізгені үшін айыппұл салынды. Егер мектеп заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жұмысын тоқтатады", – дейді Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов.

42 мектепке білім беру қызметіне лицензия алмағаны үшін айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.