jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Найман қызы
Әсел Найман қызы
Бұрынғы қызметкер

"Су деңгейі көтерілуі мүмкін": Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Өзен суы. Көрнекі сурет
Өзен суы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер, 1 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжамынша, 1 ақпанда Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі деп күтілуде.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының шығысында да тұман күтіледі. Облыста шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні 18 м/с-ке дейін жетуі ықтимал.

Сол сияқты Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-3 ақпан аралығында жаңбыр және жылбысқы қар түріндегі қатты жауын-шашын жауады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар және беткейлік ағынының қалыптасуы, мұздық құбылыстарының әлсіреуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер ақпан айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

"Су деңгейі көтерілуі мүмкін": Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.