jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері елдің оңтүстігінде 10 градус жылы болуы мүмкін

Қар
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстан бойынша 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Нәтижесінде елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауады.

Ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жауады деп күтіледі. Оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Сонымен бірге аталған аймақтарда жел күшеюі мүмкін.

Синоптиктердің болжауынша, елдің батысында түнде сынап бағанасы -7...-18 градус, күндіз -3...-8 градусды көрсетеді.

Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -15...-26 градус, күндіз -5...-13 градус аяз болады.

Оңтүстік аймақтарға келсек, күндіз +2...+10 градус жылы болуы ықтимал.

Алдағы күндері елдің оңтүстігінде 10 градус жылы болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.