Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш күн ішінде жаттап алдым": Индонезиялық бойжеткен қазақша жаңылтпашты мүдірмей айтып шықты (видео)

Жарияланған күні:

Санти Шуберт эфирде
Санти Шуберт. Скриншот: "Хабар" арнасы

Индонезияның Джакарта қаласында тұратын Санти Шуберт қазақ тіліндегі ұзақ әрі қиын жаңылтпашты жатқа оқиды. Бұл мұндай қадамға желідегі жазылушыларының тілегі бойынша барған, деп хабарлайды "Оян" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Санти қазақ телеарнасындағы дикторлардың бірі оқыған жаңылтпашты ештеңеге қарамай, көзін байлап алып, үзіліссіз айтып шыққан.

"Бұл видеоны маған достарым мен оқырмандарым жіберді. Сол жаңылтпашты қайталап, видео түсірдім. Жаңылтпашты жаттау өте-өте қиын болдым. Бұған дейін Қазақстан туралы хабарым жоқ еді. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе болды", - дейді Санти.

Индонезиялық ару қазақша жаңылтпашты үш күн ішінде жаттап алған.

"Жаңылтпашты жаттау үшін үш күнім кетті. Алдымен оны көбірек тыңдадым. Содан соң, әрбір сөзін қағазға жазып алдым. Барлығын жаттап алғанша, қайталап оқи бердім", - деп күлді бойжеткен.

Бүгінде Санти Шуберттің парақшасында қазақстандық оқырмандар көбейген.

"Шынымды айтсам, қазақ журналистері айтатын жаңылтпашты жаттау мен үшін қиынға соқты. Десе де, тырыстым. Бұрын Қазақстан туралы мүлде білмейтін едім, қазір қызығушылығым артты. Қазір қазақстандық оқырмандарым да көбейіп жатыр", - дейдң Санти.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2007960-us-kun-isinde-zattap-aldym-indoneziyalyq-boizetken-qazaqsa-zanyltpasty-mudirmei-aityp-syqty-video/