Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маман: Биыл Алматыда көктем ерте шығады

Жарияланған күні:

Улица Достык в Алматы
Алматы. Иллюстративное фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазгидромет" Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов биыл Алматы қаласында көктем ерте шығатынын айтты. Наурыздың бірінші онкүндігінде ауа температурасы +2+7°С, күндіз +10+15°С дейін көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Әділ Ахметовтың айтуынша, алдын ала болжам бойынша Алматыда көктем ерте шығады. Орташа алғанда ауа температурасы климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде.

Арна мәліметінше, Алматы қаласы бойынша 2023 жылдың наурыз айына арналған толығырақ болжам 15 ақпанда жарияланады (және он күндік және апталық болжамдармен жаңартылады.

"Наурыз айындағы орташа айлық температураның нормасы - 2,7 ° C. Мұндай кезде наурыз айында күннің бірден жылынуы жағымсыз жағдайға жатады. Сонымен қатар дәл осы айда ауа температурасының қатты жоғарылау үрдісі байқалады. Мұндай кезде қыс бойы қордаланған қалың қардың бірден еру қаупі жоғары.
Сондай-ақ, Алматыда жылу толқындарының қайталану жиілігі артып келеді. Сондықтан қыстың соңы мен көктемнің басында ауа температурасының күрт  жылынуынан қауіп артады", - деді Қазгидромет өкілі.

Арна мәліметінше, Алматының оңтүстік жартысында ақпан айында жауатын жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп болжануда. Қардағы су қорының көлеміне, топырақтың күзгі ылғалдылығына, топырақтың қату тереңдігіне талдау жасай отырып, Алматы облысы су басу қаупі жоғары өңір ретінде алдын ала бағаланды.

Айта кетейік, гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгерген жағдайда "Қазгидромет" су тасқыны қаупі туралы 2-3 күн бұрын дауылды ескертумен хабарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008005-maman-biyl-almatyda-koktem-erte-sygady/