jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мегаполистерінің бірінде 10 градусқа дейін жылынады

Қыс
Қыс. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер сенбі, 4 ақпан күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Мегаполистердің бірінде 10 градусқа дейін жылу күтіледі. Ақпарат "Қазгидромет" ресми сайтында жарияланды.

Астанада бүгін жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы -8...-10 градус төңірегінде болады. Желдің жылдамдығы: секундына 5-10 метр.

Алматыда сенбі күні синоптиктер жаңбыр жауатынын айтады. Күндізгі температура +4...+6 градусқа жетуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр.

Шымкентте мамандар жаңбыр аралас қар жауады деп болжап отыр. Дегенмен, ауа температура күндіз +8...+10 градусқа дейін көтеріледі. Жел секундына 8-13 метр жыламдықпен соғады.

Қазақстан мегаполистерінің бірінде 10 градусқа дейін жылынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.