jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Түнгі сағат үште мектеп жанында тұрған оқушы қыз астаналықтарды шошытты

Оқушы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Астанада түнде түсірілген видео тарады. Мектеп жанынан өтіп бара жатқан жолаушыларды арқасындағы сөмкесімен тұрған оқушы қыз шошытқан. Жағдайға астаналық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ақпанның 2-нен 3-іне қараған түні сағат 3.20-да мектеп жанында бір қыз тұр. Бұл уақытта ол мұнда не істеп жүр? Полиция шақырдық, оны алып кетті", – дейді видеоның авторы.

Желі пайдаланушылары балалық шағында өздері де осындай жағдайға тап болғанын жарыса жазған.

"Бір жексенбіде менде мектепке келгенмін", "Бәріміз де аздап осы кішкентай қызбыз, мұндай жағдай бәрімізде болған", "Ол өзі жиналып шығып кеткен шығар? Ата-анасы ұйықтап жатқанда мектепке баратын кез келді деп ойлаған шығар", " Мен де бір рет мектепке таңғы 6-да келіп, қараңғыда уақытты шатастырып, үйге қайтқанмын", – деп жазды комментаторлар.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 3 ақпан күні сағат түнгі 03.26-да "102" арнасына Конституция көшесіндегі мектептің жанында кішкентай қыздың тұрғаны туралы ақпарат түскен.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында кәмелетке толмаған баланың түнгі үште тұрып, үй сағаты бойынша таңғы жетіні көрсеткендіктен, киініп, сабаққа шығып кеткенін анықтады.

"Қызының үйде жоғын ата-анасы полициядан бірақ білді. Қыздың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", – деп толықтырды ведомстводан.

Түнгі сағат үште мектеп жанында тұрған оқушы қыз астаналықтарды шошытты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.