jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанда Мұғалімдер күнін тойлау күнін өзгерту ұсынылды

Мұғалім
Мұғалім. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Оқу-ағарту министрлігі елімізде Мұғалімдер күнін тойлаудың нақты күнін белгілеу туралы ұсыныс жасады. Тиісті қаулы жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Ұсыныс 2 ақпан күні жарияланған, оны талқылау 16 ақпанға дейін жалғасады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып жүр, яғни жыл сайын датасы өзгеріп отырады.

Ал аталған жобада нақты бір күн, яғни 5 қазанды белгілеу ұсынылған.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Мұғалім күні – 5 қазан", – делінген мәтінде.

Айта кетейік, көптеген елдегі сияқты Қазақстанда да Мұғалімдер күні оқу жылы басталғаннан кейін көп ұзамай күзде тойланады.

Қазақстанда Мұғалімдер күнін тойлау күнін өзгерту ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.