jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның екі қаласында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Қар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жексенбі, 5 ақпанда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күн райы жауын-шашынды болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағаналары +3...+5 градусты көрсетсе, түнде -3...-5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с жетуі мүмкін.

Шымкентте де қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз +4...+6 градусқа дейін күн жылынса, түнде -2...-4 градусқа дейін суытады. Сонымен бірге шаһарда 5-10 м/с дейін жел күшеюі ықтимал.

Ал Астанада бүгін қар жауып, күші 9-14 м/с дейін жететін жел соғады деп болжануда. Күндіз қалада ауа температурасы -5...-7 градус, түнде -15...-17 градус болады.

Бүгін Қазақстанның екі қаласында қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.