jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Бүгін Қазақстанның бір мегаполисінде қар жауады деп күтілуде

Қау жауған сәт
Қар жауған сәт. Алматы көшесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер дүйсенбі, 6 ақпанда ел аумағы мен Қазақстанның ірі қалалары - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, республикамыздың басым бөлігі әлі де антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан, бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Яғни Қазақстанның солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі.

Ал Алматы қаласында керісінше, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз оңтүстік астанада +4...+6 градус жылы. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Астанада мамандардың айтуынша, бүгін күндіз қар жауып, ауа температурасы -5-7 градусқа дейін төмендейді. Жел екпіні 3-8 м/с.

Синоптиктер Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күн жылы болады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы +6...+8 градус аралығында, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Бүгін Қазақстанның бір мегаполисінде қар жауады деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.