jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Полицейлер елорда тұрғынына пойызда ұмыт қалдырған 7 млн теңге салынған сөмкесін тауып берді

ақша
Сөмкедегі ақша мен құжаттар. Фото: polisia.kz

Астана тұрғыны құжаттары мен 7 млн теңгеге жуық ақша салынған сөмкесін пойызда ұмыт қалдырған. Көліктегі полиция сөмкені иесіне тауып берді, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

3 ақпанда Ақмола облысындағы Есіл стансасының желілік полиция бөліміне 43 жастағы Астана тұрғыны ішінде 4 млн теңге және 6 мың доллар (шамамен 2,8 млн теңге) салынған сөмкесін табуға көмектесуін сұрап жүгінген.

Денис Чернецкий Алматы-Орал бағытындағы жолаушылар пойызымен Есіл станциясына достарына қонаққа келген. Ірі сома салынған сөмкесінің жоғалғанын ол үйіне жеткенде ғана білген. Ер адам бірден көліктегі полиция департаментіне жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қызметкерлер жоғалған сөмкені ішіндегі заттарымен қоса тапты. Сөмке иесіне тапсырылды.

Елорда тұрғыны көліктегі полиция қызметкерлеріне жедел әрекет етіп, қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін алғыс білдірді.

"Қызметкерлер менің өтінішіме жылдам жауап берді. Олар пойыз бастығына хабарласты, сөйтіп сөмкемнің қай жерде екені анықталды. Алты сағаттан кейін құжаттарым мен ақшамды тауып берді", - дейді Денис Чернецкий.

Полицейлер елорда тұрғынына пойызда ұмыт қалдырған 7 млн теңге салынған сөмкесін тауып берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.