Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25 градусқа дейін аяз, жаңбыр, тұман: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сәрсенбі, 8 ақпанда республика бойынша және еліміздің үш ірі қаласы - Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болғандықтан бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр күтіледі.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ күндіз оңтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнауы мүмкін.

Ал Алматы қаласында бүгін күндіз +3...+5 градус жылы болмақ, дегенмен түнде ауа температурасы -1...-3 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 0-5 метр. Жауын-шашын күтілмейді, қалада қалың тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланып отыр.

Астанада қар жауып, күндіз -15...-17 градусқа дейін, түнде -23...-25 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Одан бөлек елордада жел 5-10 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.

Синоптиктер Шымкентте жаңбыр жауып, сынап бағанасы күндіз +12...+14, түнде +2...+4 градусты көрсетеді деп болжайды. Мегаполисте қатты желге байланысты дауылды ескерту жарияланды. Мұнда желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа, екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008473-25-gradusqa-deiin-ayaz-zanbyr-tuman-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/