Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнай-химия зауытының бұрынғы директоры Шухрат Данбайға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Шухрат Данбай
Шухрат Данбай. Фото: anpz.kz

Әр жылдары Павлодар мұнай-химия зауыты мен Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған Шухрат Данбайға сот үкімі шықты. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін оның 3,5 жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің телеарнаға хабарлауынша, Шухрат Данбай 2017 жылы Павлодар мұнай-химия зауытының басшысы болған кезінде кәсіпорынның жерін жеке компанияға сатып жіберген.

Нақты құны 44 млн теңге тұратын жер телімі небәрі 6 млн теңгеге сатылған, оған қоса бұрынғы қоспа айдау қондырғысының ғимараты да берілген. Ал сатып алушы - мұнай өңдеу зауытының сатып алу бөлімінің бастығы және Шухрат Данбайдың кеңесшісі болған.

Тергеушілердің нұсқасы бойынша, қоспаларды мөлшерлеу функциясы мен айдау қондырғысын беру арқылы жасалған алаяқтық нәтижесінде дизельдік отынның сапасы төмендеп, оның бағасы көтерілген.

"Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) атынан оның өкілдері Данбай, Әлсейітов, Атақұлов ПМХЗ басшылығы мен "Ертiс НефтеСервис" арасында негізсіз келісімшарт жасасу арқылы тендер өткізу кезінде ойдан шығарылған бәсекелестік орта ұйымдастырған.

2018 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың ақпанына дейін ПМХЗ "Ертiс НефтеСервис" компаниясына 753 млн теңгені дизель отынына қоспаларды мөлшерлеп, айдау қызметі үшін негізсіз төлеген", - дейді Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің екінші жедел басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Мүслімов.

Телерананың хабарлауынша, істегі басты фигурант пен оның сыбайластары өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеген.

Алайда телеарна хабарлағандай, бұл Шухрат Данбайға қатысты жалғыз қылмыстық іс емес. Ол 2019-2021 жылдар аралығында өзі басқарған Атырау мұнай өңдеу зауытынан аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл іс бойынша кәсіпорынның экс-директоры 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, Шухрат Данбай 2022 жылдың ақпанында ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008483-munai-ximiya-zauytynyn-buryngy-direktory-suxrat-danbaiga-sot-ukimi-syqty/

pixel