Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Шухрат Данбай ұсталды

Опубликовано:

Шухрат Данбай
Фото: anpz.kz

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі облыстық депаратменттің оған қатысты сотқа дейінгі тергеудің жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Агенттіктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-на қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 16 ақпанда Ш.Данбай Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1956927-atyrau-munai-ondeu-zauytynyn-buryngy-bassysy-suxrat-danbai-ustaldy/

pixel