ТЖМ: Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға барады
Жарияланған күні:
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір тобы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға ұшады. Тиісті тапсырманы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген. Бұл туралы ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, екінші эшелон құрамында жеке құрамнан 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық топтар бар.
"ТЖМ жедел әрекет ету күштерінде авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтардың 150-ге жуық және дәрі-дәрмектердің 160-тан астам түрі бар", - делінген хабарламада.
Ведомство атап өткендей, Қазақстан ТЖМ екінші тобы жер сілкінісінің салдарын жою жөніндегі орталық штабпен келісе отырып, Газиантеп қаласындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылатын болады.
Министрліктің мәліметінше, Түркияға көмек көрсету үшін тартылған қазақстандық құтқарушылардың жалпы саны 100 адамды құрайды.
Айта кетейік, кеше, 7 ақпанда көмек көрсету үшін Түркияның жер сілкінісі болған аймағына қазақстандық құтқарушылардың алғашқы тобы барған еді.
Кейін еліміздің Төтенше жағдайлар министірінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Түркияға көмекке аттанған қазақстандық құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын баяндады.
Соңғы мәліметтер бойынша 6 ақпанда Түркияның оңтүстік шығында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан Түркияда қаза болған адамдар саны 5894-ке, Сирияда 1250-ке жеткен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2008509-tzm-qazaqstandyq-qutqarusylardyn-ekinsi-toby-turkiyaga-barady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.