jitsu gif

Түркияда үйінді астынан табылған қазақстандықтың кім екені белгілі болды

Түркиядағы зілзалада қаза тапқан қазақстандық
Қадырбеков Әділ. Фото: instagram.com/qazaqstantv

Бүгін төтенше жағдайлар министрлігі Түркиядағы жер сілкінісі үйіндісінің астынан бір қазақстандықтың денесі табылғанын хабарлаған болатын. Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы зілзала салдарынан қаза тапқан қазақстандықтың кім екенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"8 ақпан күні кешке Хатай провинциясының Антакья қаласында құтқару және іздестіру шаралары барысында Түркия азаматы тірі табылды. Оны алғашында Құбылай Кескін деп танығанымен, туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Бүгін таңертең, 9 ақпан күні іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасты және оның барысында туыстары Құбылай Кескін деп таныған Түркия азаматының және Қазақстан Республикасының азаматы Қадырбеков Әділдің денесі табылды. Сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін елге жеткізуге барынша көмек көрсетеді", - деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Сонымен қатар құтқарушылар түркиялық әріптестерімен бірге Мирболат Құрмашевты іздеуді жалғастырып жатқаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Ердоғанның айтуынша, бұл зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын жер сілкінісі. Дүйсенбі күні түстен кейін магнитудасы 7,6 болатын тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

Осы апатқа байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту күні жарияланып, табиғи апаттан зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай енгізілді.

Сондай-ақ Хатай провинциясында болған жер сілкінісінен кейін Қазақстан азаматының із-түссіз жоғалып кеткені белгілі болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркияда тағы бірнеше қазақстандықтың іздестіріліп жатқанын хабарлады.

Кейін із-түзсіз жоғалған қазақстандықтардың бірі тірі табылғаны белгілі болды, қалған екі қазақстандықты іздеу жұмыстары жалғасып жатқан еді.

Ал бүгін қазақстандық азаматтың денесі Түркиядағы жер сілкінісінен болған үйінді астынан табылғаны хабарланды.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.