Түркиядағы зілзаладан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Жарияланған күні:
Қазақстан азаматы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін хабарсыз кетті. Жоғалып кеткен Мирболат Құрмашевтің бауыры Алматтың сөзінше, ол үш жылдан бері Түркияда тұрады, деп хабарлайды Qazaqstan.tv.
Телеарнаның хабарлауынша, Мирболат Құрмашевтің ІТ стартабы бар. Сол жақта жұмыс істейді. Зілзала болғаннан бір күн бұрын контент түсіру үшін Хатай қаласына барған.
Содан бері ағасымен байланыс үзілген. Жақындары мен достары алаңдап, жан-жақты іздестіруде, бірақ әлі де ешқандай хабар-ошар жоқ.
Түркиядағы Қазақстанның елшілігіне де хабарланған. Бүгін түнде Алмат бастаған бірнеше ерікті қазақстандықты іздестіру үшін Түркияға ұшады.
"Ағамның толық аты – Мирболат Құрмашев Амантайұлы. Барлығы оны "Мирус" деп біледі. Қасында Түркияның азаматы болған. Барлығының телефондары өшіп тұр. Хабарласа алмай жатырмыз", - деді Мирболаттың інісі Алмат Құрмашев.
Осы орайда Zakon.kz басылымы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдаған. Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров жағдайдан хабардар екенін, қазір ер адамның іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2008463-turkiyadagy-zilzaladan-keiin-us-qazaqstan-azamaty-zogalyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.